Қауіпсіз балалар әлемі

(0 Votes)

Атырау облысы Білім беру басқармасы жанынан кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау және оларға қатысты жасалатын қылмыстардың алдын алу мәселелері бойынша облыстық Полиция департаментімен келісілген «Қауіпсіз балалар әлемі» ақпараттық кампаниясының облыс көлеміндег іс-шаралары басталды.

Жергілікті атқарушы органдармен бірлескен жұмыс тобының көшпелі семинары алғашқылардың бірі болып 12 қазан күні Мақат ауданы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында болып өтті.

Жұмыс тобының құрамында Атырау облысы Білім беру басқармасының бас маманы Гүлзада Жұмаева, Атырау облысы әкімінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық комиссиясының мүшесі Айбаршын Иманғалиева, Атырау облысы Полиция департаментінің Жергілікті полиция қызметі басқармасы Ювенальді полиция тобының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Орынгүл Көшқалиева және Денсаулық сақтау басқармасының маманы Иман Пернебеков болды.

Мақат ауданы әкімінің орынбасары Азамат Шаңғалаев төрағалық еткен жиналыста негізінен кәмелет жасқа толмағандарға жыныстық қол сұқпаушылық, балалардың психологтардың көмегіне жүгіну мүмкіндігі, білім орындарындағы қылмысты алдын алу, жасөспірімдер арасында ақпараттық-түсіндірме жұмыстарының жүруі бойынша сөйлеген спикерлер кезекпен сөз алды. Сөз ортасында кәмелеттік жасқа толмағандарға орын алған қылмыстардың облыс және аудан бойынша статистикасы келтірілді. Ол жерде өткен жылдармен салыстырғанда жағдайдың мәз еместігі байқалады.

Сұрақ-жауап бөліміне келгенде Мақат ауданының прокуроры Бақытжан Қалиев «Мектептерде бәлен камера бар, бірақ бұзақылық орын ала қалса керегі жасамайтын болып шығады. Сонымен қатар камералардың директордың бөлмесінде ғана тұратыны күзетшілердің қолын байлайды», - деп мектептердегі камераны бірыңғайлауға қатысты пікір білдірсе, «кәмелетке толмағандар өзара жыныстық қатынасқа түсіп отбасылы болып кетсе оларды жазаға тартпау» туралы ұсынысын айтты. Жиын соңында облыстан келген жұмыс тобы «аудан халқы тарапынан болған барлық ұсныс-пікірлерді қаперімізге аламыз», - деді.

whatsapp-image-2021-10-14-at-16_22_46

                                                                                  А. Жұмабекұлы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521