Халықтың өтініші алдағы жұмыстың өлшемі екендігі белгілі. Олай болса, өткен жылғы аудан әкімінің кезекті есеп беру кезінде түскен ұсыныстардың орындалыс табуы маңызды.
Мақат кентінен 2 балабақша құрылысының жобалау-сметалық құжаттамасы жасақталып, сараптамадан өткізілді және 60 пәтерлі 2 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Ж.Жұмағалиев көшесінен М.Баймұханов мектебіне дейін 1 км 617 м. жаяу жүргіншілер жолы салынды.
Бәйгетөбе ауылына 530 м. жаяу жүргіншілер жолы салынды, 15 бағана ауыстырылды.
Атырау облысы әкімдігі және облыстық мәслихат депутаттарының қолдауымен 2019 жылы Қызылқоға ауданынан Мақат ауданына 413364 гектар жер учаскесін бөлу жұмыстары басталған болатын. Қазіргі таңда құжаттарды рәсімдеу жұмыстары жүргізілуде. Нәтижесінде ауданның жер қоры екі есеге ұлғаяды.
"МТ"
Сурет: ашық дереккөзден