Аудандық куиз экологияға арналды

(0 Votes)
Аудандық куиз экологияға арналды
фото: автордікі

 «Таза Мақат» экологиялық апталық аясында аудандық жастар ресурстық орталығында аудандық ішкі саясат бөлімінің тапсырысымен және «Айналайын баладан» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Жастар таза ауылды қолдайды» тақырыбында экологиялық бағыттағы куиз өтті.

Тақырыптық куизге «Ақ үйдегілер» (Мақат ауданы әкімдігінің аппараты), «Green team» (Л.Шахатов атындағы орта мектебі), «Сompass» (Б.Қанатбаев атындағы орта мектебі), «Самғау» (Р.Ғабдиев атындағы өнер мектебі), «Кеттік, поехали, let’s go» (белсенді жастар), «Musa jastary» (М.Баймұханов атындағы орта мектебі) және «Мәкенский» (Мақат аудандық мәдениет үйі) командалары қатысты. Олар алғашында тестке жауап беріп, суреттерде жасырылған үш әріпті тапса, кейін бір тақырып аясындағы сұрақтар мен үш ұпайлық сұрақтардың жауабын анықтап көрді. Ойынның қорытындысы «Медиа» және «Бәстайм» деп аталатын кезеңдерде шешілді.

Алты кезеңнің қорытындысы бойынша алғыс хат пен 50 000 теңгелік ақшалай сыйлыққа «Green team» мен «Musa jastary» командалары, алғыс хат пен 60 000 теңгелік ақшалай сыйлыққа «Мәкенский» командасы, алғыс хат пен 70 000 теңгелік ақшалай сыйлыққа «Самғау» командасы ие болды. Ал жүлдесі 80 000 теңге тұрған үшінші орынды «Compass» командасы иемденсе, екінші орын мен 90 000 теңгелік сыйақы «Ақ үйдегелер» командасына бұйырды. Ұпай санымен бәрінен басып озған «Кеттік, поехали, let’s go» командасы жарыс жеңімпазы атанды.

А. Есжан

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521