Атырау облысы полиция департаментінің 2023 жылғы 7 қарашадағы №5/2-4-46/5699 санды нұсқауы негізінде 2023 жылдың 25 қараша және 10 желтоқсан аралығында Республика көлемінде «Зорлық-зомбылыққа қарсы 16-күн белсенділік» акциясы өткізілуде.
Аталмыш іс-шаранын мақсаты, көпшілік халықты әйелдермен кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылықты ескертуге, алдын алуға, ана мен баланы қорғауға, қоғамдағы отбасының рөлін күшейтуге бағытталған. Акция кезінде тұрмыстық құқық бұзушылық жасауға бейім адамдарды және әйелдердің зорлық-зомбылыққа ұшырамауын алдын алу мақсатында профилактикалық әңгімелер жүргізіліп, кездесулер, жиналыстар ұйымдастырылуда.
К.Серікбаева,
Мақат АПБ ЖПҚб ӘҚЗЗқж инспекторы, полиция капитаны