Ауданда жел энергия станциясы салынуда

(0 Votes)

Елімізде 2030 жылға қарай баламалы энергия үлесін 30 пайызға дейін жеткізу міндеті тұр. Осы мақсатқа жету үшін жел, күн және су секілді сарқылмас қуат көздерінің мүмкіндіктерін пайдалану көзделіп отыр. Елбасы Н.Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясында Үкімет алдына осындай маңызды міндеттерді жүктеген болатын.

Баламалы қуат көздері - кемел келешектің негізі. Бұл тұрғыда ауданда жаңартылған энергия көздерін дамыту үшін нақты істер қолға алынған. Мақат-Доссор тас жолының оң жақ бетінде жел электр станциясының құрылысы салынуда.

jel-energia-3

«Желдің күшімен электр энергиясын өндіретін қондырғылар» орналастыру үшін 500 гектар жер учаскесін бөлу жөнінде шешім шығарылып, аудан әкімінің 2020 жылдың 17 қаңтарындағы №13 қаулысымен бекітілген болатын. Жобаның инвесторы – «Дивитэл» ЖШС-і.

jel-energia-4

2020 жылы басталған құрылыс жұмыстары 2022 жылы аяқталады деп күтілуде. Қазір құрылыс алаңында 12 адам қызмет етсе, ашылғаннан кейін 50 тұрғын тұрақты жұмыспен қамтылмақ.

jel-energia-2

Алдағы уақытта бөлінген жерге 24 энергия өндіретін жел диірмені салынатын болады. Әрқайсысының қуаты -2 МегаВатт. Жел турбиналарының жалпы биіктігі 106 метр болса, қаңғалақтарының ұзындығы 43 метрді құрайды. Ал, көлемі 17/17 шаршы метр.

jel-energia-1

Бұл ауданды толық электр қуатымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді деп жоспарлануда. Жаңа нысан баламалы энергия көздерін өндіруде теңдесі жоқ жоба болмақ.

«Энергия ресурстарын үнемдеу жолында ауданда  бірқатар жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бұл жоба баламалы энергия көздерін өндіретін болады. Мамандар арнайы талдау жасап, тәжірибеден өткізді. Желдің бағытындағы бүкіл көрсеткіштерді анықтап, анализ жасап осы жерге салуға ұйғарылды. Қазіргі таңда шұңқырлары қазылып, құрылыс жұмыстары жүруде»,- дейді аудан әкімі Шәкір Кейкин.

М.ІЗТҰРҒАНОВА

суреттер автордікі

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT