Ауданда сақтық шараларын ұмыт қалдырмау жадыланды

(0 Votes)

Мақат ауданының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Г.Т.Тоғаеваның 2020 жылғы 22 мамырдағы №7-ПГВр «Мақат кентінде карантиндік режимді қамтамасыз ету және коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі шаралар туралы» қаулысына коронавирустық инфекцияның алдын алу мақсатында санитарлық-эпидемиологиялық талаптарының сақталуына талдау жүргізу үшін мобильді топ құрылды.

Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының жетекші маманы Г.Жұмагалиева, кәсіпкерлік палатасының директоры Г.Едігеева, ішкі саясат бөлімінің бөлім басшысы Ж.Жұмағалиева, аудандық полиция бөлімінің учаскелік полиция көмекшісі, аға лейтенанты Н.Аяғановпен бірігіп, аудандағы барлық азық-түлік дүкендеріне және дәріханаларға COVID-19 инфекциясының таралуының және алдын алу мақсатында санитарлық-эпидемиологиялық талаптарының сақталуы бойынша түсінік жұмыстары жүргізілді.

65f6acf0-0d5a-489c-8939-75cee7b4e90f 

Алғашқы рейд барысында 27 сауда нүктесін аралап, онда сауда орындарына бетпердемен, қолғаптармен жұмыс жасау керектігі және күшейтілген түрде дезинфекциялық жұмыстары жүргізілу қажеттілігі түсіндірілді.

a8ee2260-b4b3-4ccf-ba9d-be5be4ac5eb1

Жоғарыда көрсетілген қаулыдағы санитарлық талаптарды орындамаған кейбір жеке кәсіпкерлерге ауызша ескертулер берілді.

39f00cc4-98a1-4776-bc36-44ade91d827b

Ақпараттық түсіндіру жұмыстары өз жалғасын шектеу талаптары аяқталғанға дейін жүргізілетіні туралы және талаптар сақталмаған жағдайда заң шеңберінде жауапкершілікке тартылатыны туралы ескертілді. Сондықтан, қойылған талапты құп алып, деніміздің саулығы үшін қауіпсіздік шараларын жіті қадағалау туралы кәсіпкерлерге тағы да бір мәрте түсіндірілді.

 

Г.Жұмағалиева,
Тауарлар мен көрсетілетін
қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін
бақылау басқармасының
жетекші маманы

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT