Жерлестеріне деген ыстық ықыласы бар жандардың жұмыла жүріп жасаған жақсы амалдары өткен жұма күні жалғасын тапты.
Қасиетті Рамазан айын қайырымдылық шарасымен қорытындылаған аудан тұрғындарының бұл ісіне әдеттегідей орталық мешіт ұйытқы болды. Әлеуметтік аз-қатылған және көпбалалы жанұяларды жіті назарына ұстаған ізгі жандар бұл жолы да 50 отбасыға азық-түлікпен көмектесті.
Айға жететін азық қоржынын табыстап жатып "Ораза айттарыңызды көтеріңкі көңілмен қарсы алыңыздар, бастысы бір-бірімізге деген жылулық" деп сөз алды бас имам Біләл Сағындықұлы. Белсенділердің бірі Ануар : "Бұл осымен жүз бірінші жанұяға жасалынып жатырған жанашырлық дейді. Алдағы уақытта "Баспанаға бір қадам" деген жоспарлары да бар екен. Ендеше істеріңіз берекелі болсын.
А.САДЫКОВ
суреттер автордікі