Республика күні мерекесіне орай Мақат кенті әкімі аппаратының ұйымдастыруымен Мақат балалар жасөспірімдер спорт мектебінде кіші аяқ добынан мемлекеттік мекемелер арасында "Мақат кенті әкімінің кубогі - 2022" кентішілік турнирі өтті.
Жарысқа сегіз команда қатысты. Нәтижесі бойынша аудандық білім бөлімі І орын, КОС Мақат ІІ орын, аудандық аурухана ІІІ орын иеленсе, "Жеңіске деген жігері үшін" номинациясымен аудандық полиция бөлімі марапатталды.
Сонымен қатар, білім бөлімінің ойыншысы Ғ.Нарымбаев "Үздік қақпашы", аудандық полиция бөлімінің ойыншылары Б.Асанұлы "Үздік шабуылшы", Е.Беріков "Үздік ойыншы", "КОС Мақат" командасының ойыншысы Е.Қалиев "Үздік қорғаушы" номинациялары бойынша марапатталды.