Ауданда карантиндік стационар жабылды

(0 Votes)

Вирус жағадан алып, қатерлі індет дендеп тұрған тұста Мақат кентінде  «Асель» қонақ үйінде 25 орындық, Доссор кентінде С. Шарипов мектеп-интернатында 120 орындық карантиндік стационар ашылған болатын.

Аталмыш нысандар инфекция анықталған азаматтармен байланыста болған адамдарды арнайы оқшаулауға алып, медициналық бақылау жүргізетін орын ретінде белгіленді.

Дегенмен аурудың саябырсығанының арқасында, бұл ошақтар көптен бері бос тұр. Осы орайда аудан әкімі Шәкір Кейкиннің қаулысымен аталмыш карантиндік стационарлар жұмысын тоқтатты. Нысандарға толығымен санитарлық тазалау жұмыстары жүргізіліп, залалсыздандырылды. 

Өз тілшіміз

Сурет: ашық дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT