Аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында өткен салтанатты жиында Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдық мерекесіне орай бірқатар мамандар марапатқа ие болды.
Аудан әкімінің орынбасары Азамат Шаңғалаев өңірдің экономикалық-әлеуметтік өркендеуіне өз салалары бойынша үлес қосқан 12 маманға «Қазақстан Конституциясына 25 жыл» мерекелік медалын салтанатты түрде табыстады.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 20 тамыздағы жарлығы бойынша «Балбөбек» бөбекжай балабақшасының қызметкері Күләш Абдешова, аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және АХАТ бөлімінің бас маманы Ақкенже Ақбержанова,
аудандық мәслихат аппаратының басшысы Назгүл Алмаханова,
жеке кәсіпкер Насихат Джиеналиева,
№3 Доссор кітапханасының кітапханашысы Айман Жылқышиева,
«Атырау Жарық» АҚ аудандық бөлімшесінің аға шебері Елтай Иманбаев,
ҚР Халық банк АҚ аудандық бөлімшесінің бақылаушы кассирі Сәулеш Қалдығариева,
Доссор кенті әкімі аппаратының бас маманы Алма Тәжібаева, жеке кәсіпкер Ұлмекен Шапиева,
«Мақат тынысы» қоғамдық-саяси газетінің дизайнері Гүлжанар Жансұлтан, «Доссормұнайгаз» мұнай өндіру басқармасының №1 Ботақан мұнай және газ өндіру цехының операторы Сембай Ташенов,
№2 бастауыш мектебінің мұғалімі Қарашаш Қаналиева марапатқа бөленді.
«Еңбегімізді бағалап, марапатқа лайық деп танып жатқандарыңызға үлкен рахмет. Еңбектеріңіз жемісті, мереке құтты болсын. Ауданымыз гүлдене берсін, сол жолда аянбай еңбек ете берейік»,- деді жеке кәсіпкер Ұлмекен Шапиева.
М.ІЗТҰРҒАНОВА
Суреттер автордікі