Мақат ауданы прокурорының орынбасары А.Қ.Айтқалиевтың хабарламасы бойынша АПБ-нің қызметкерлерімен бірлесіп жүргізілген рейд барысында Мақат кентіндегі А.Жұмашева көшесінде орналасқан ЖК «Витаминка» және Доссор кентіндегі О.Шаримов көшесінде орналасқан ЖК «Искиндирова» дәріханалары дәрі-дәрмектерді шекті бағадан асырып сатқаны анықталды.
Нәтижесінде уәкілетті органмен дәріхана иелеріне 361 140 теңге айыппұл салынды.
Алдағы уақытта да аудан прокуратурасының бастамасымен арнайы жұмысшы топ құрылып, дәрі-дәрмектердің баға тұрақтылығына үнемі мониторинг жүргізілетін болады. Заң бұзушылық анықталған жағдайда дәріхана иелері заңмен белгіленген жауапкершілікке тартылады.
Ал, заң бұзушылықтарға қайталап жол берген жағдайда лицензиясы тоқтатылатын болады.
Аудан тұрғындарынан шекті бағадан асырып сату немесе арнайы рұқсатсыз дәрі сату деректерін кезіккен жағдайда аудан прокуратурасына 3-01-72 немесе АПБ-нің кезекші бөліміне 102 нөмірлері арқылы хабарлау сұралады.
Мақат ауданы әкімдігі
Сурет: ашық дереккөз