Ақтөбе қаласынан 130 қорап дәрі келіп жетті

(1 Vote)

Тұрағымыз шағын ғана аудан болғанымен, тұрғындарымызға дәрі-дәрмектің жетіспеуі шағым тудыруға жеткілікті болған еді. Осы ретте аудан әкімдігінің бастауымен бір топ еріктілер мәселенің шешімін табуға кіріскен еді. Енді міне дәріхананың айналасындағы дүрбелеңге нүкте қойылар сәт те алыс емес.

Газетіміздің өткен санында хабарланған Ақтөбе қаласынан әкелінетін дәрі-дәрмек кеше түнде кенттегі N 15-ші (ЖД) дәріханаға келіп жетті. Алты жүз шақырымды артқа тастап, дәріні өз көліктерімен жеткізіп берген еріктілер халықтың күйзелісін көріп тұрып қол қусырып қарап тұра алмадық дейді. Бұл ретте аудан әкімдігі еріктілеріміздің жолына жағылатын жанармаймен көмектесті.

2190d379-dbd7-482d-a508-8028dd5a23fa

“Әкелінген 130 қорап дәрінің ішінде бүгінгі күні ең сұранысқа ие болып тұрған дәрілердің (аскорбинка, натри хлор, дексаметазон, мильгамма т.б) көп мөлшерде болмағанымен барлығы дерлігі бар. Мысалы 5 қорап келген нитритті бесеуден береміз, оннан берсек жетпей қалады”,-дейді дәріханадағылар. Бастысы дәрі алдыртатын жерлерінде бар екен. Алға қарай да апта сайын дәрілер келе бермек.

123d92f8-093f-453a-b324-fd40fef16bc1

Дәрі-дәрмектің жедел жетуіне ат салысқан Мақсат, Мұратбек, Қуаныш және Асылбек есімді ерікті жастарымыздың есімін атап тұрып көрсеткенді жөн көрдік. Ел басына күн туса ері етікпен су кешер. Бүгінде қажетті құралдар мен дәрілерді жедел жеткізу жұмыстарын республикамыздың түкпір-түкпірінен атқарып жатқан белсенділерімізді әлеуметтік желіден бақылап отырмыз. Осындай азаматтарымыздың біздің өлкеден де табылуы көрген жанның көңілін марқайтып, көзін сүйсіндіреді. Көптен ала алмай жүрген дәрілері қолына тиіп жатқан тұрғындар да олардың бұл істеріне дән риза.

А.Садыков
Суреттер автордікі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521