Аптаның бейсенбі күні аудандық кіші мәжіліс залында аудан әкімі Азамат Мәмбетовтің төрағалымен аппарат мәжіліс өтті.
Аппарат отырысына аудандық мәслихат төрағасы, аудан әкімінің орынбасары, аппарат басшысы, коммуналдық мекеме басшылары қатысты.
Алдымен Мақат кентінің әкімі Болатбек Сәрсен, Доссор кентінің әкімі Аслан Қосмағамбетов, Бәйгетөбе ауылдық округінің әкімі Кенжебек Махмұтұлы атқарылған жұмыстар туралы баяндама жасап, есеп берді.
Аппарат жиынының күн тәртібінде Таза Қазақстан»экологиялық жалпы ұлттық акциясының жүру барысы, келер қысқа дайындық жұмыстары мен «Мақат ауданының 100 жылдық» мерейтойына дайындық жұмыстары қаралды.
Сонымен қатар, аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Темірбек Іңірбай баяндама жасап, құрылыс нысандарын таныстырды.
«Мақат ауданының 100 жылдық» мерейтойынының дайындығы туралы аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Нұрлан Исполов жоспарды ұсынып, іс-шаралардың жүру тәртібін ұсынды..
Жиын соңында тұрғындарды толғандырған түйіткілді мәселелер бойынша Су арнасы , Атырау-жарық, аудандық ветеринария стансасының мекеме басшыларына сұрақ жолданып, мәселені шешу жолдары анықталды.
Ж.Қамза