КӘСІП ТҮБІ БЕРЕКЕ

(0 Votes)

Аптаның бейсенбі күні аудандық жастар ресурстық орталығында аудан әкімі Азамат Мәмбетов кәсіпкерлермен кездесті. 

Жиынға аудан әкімінің орынбасары, аппарат басшысы, ауданға қарасты кент және округ әкімдері, аудандық полиция және прокуратура бөлімдерінің басшылары, мекеме басшылары, облыстық ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлер басқармасының бөлім басшысы, мансап орталығының мамандары, «АТАМЕКЕН» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалының басшысы және бір топ аудандық кәсіпкерлер қатысты.

Кездесуде аудан әкімі Азамат Саматұлы ауданда шағын және орта бизнесті дамыту және кәсіпкерлікті қолдау басты назарда екенін айтып, өзара ынтымақтастық бағытында бірге жұмыс жасауға шақырды.

Сондай-ақ жиын барысында аудан әкімі кәсіпкерлермен аудандағы өзекті мәселелер бойынша пікір алмасу жүргізіп, көптен бері күрмеуі шешілмей келе жатқан мәселелерге тоқталып өтті.

Атап айтар болсақ, оның ішінде мемлекеттік гранттар, ауыл ішілік жол, нарықтағы бағаның тұрақсыздығы, жұмыссыздық, тазалық секілді бірқатар мәселелер қозғалды.

Сонымен қатар, жиын барысында облыстық ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлер басқармасының бөлім басшысы Тілекқабыл Губайдуллин мемлекеттік гранттар және мемлекеттік субсидиялау бағдарламалары турасында ақпарат беріп өтті.

Жиын соңында аудан басшысы айтылған ұсыныстардың ескерусіз қалмайтындығын жеткізіп, заңға сәйкес жұмыстар жүргізілетіндігін айтты.

Б.ҚАСЫМОВА

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT