Аудан экономикасы тұрақты

(0 Votes)

Соңғы жылдары аудан экономикасы әр бағытта ілгерілеп, тұрақты даму үстінде.

2019 жылғы IV тоқсанда орташа айлық атаулы жалақы 273226 теңгені құрады, бұл 2019 жылғы сәйкес тоқсанға қарағанда 12% артық. Нақты жалақы индексі 105,7 % құрады.

Ұлттық экономика бойынша 2020 жылғы қаңтар-наурызда негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 2422 млн. теңгені құрады,  бұл  2019 жылғы қаңтар-наурызға қарағанда 17,8% көрсеткішті көрсетіп отыр.

Сауда бағыты бойынша 2020 жылғы қаңтар-наурызда бөлшек сауда көлемі 1147,8 млн. теңгені құрап, 2019 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда өзгеріссіз сол деңгейде қалды. 

2020 жылғы қаңтар-наурызда өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағаларда 15466 млн. теңгені құрады, бұл  2019 жылғы қаңтар-наурызға қарағанда 2,6% өсіп отыр.

2020 жылдың қаңтар-наурызында құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) көлемі 629 млн. теңгені құрады, өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда  45,7% құрады.

2020 жылғы қаңтар-наурызда пайдалануға берілген тұрғын үйдің жалпы алаңы 450 шаршы метр, нақты көлем индексі – 58,1%.  Пәтерлер саны 3 бірлік.

2020 жылғы қаңтар-наурызда ауыл, орман және балық  шаруашылығы өнімдерінің (көрсетілетін қызметтерінің) жалпы өнімінің көлемі 128,1 млн. теңгені құрап, 2019 жылғы қаңтар-наурызымен салыстырғанда 5,2% өсті.

2020 жылдың 1 сәуіріне ауданда барлық шаруашылық санаттары бойынша мүйізді ірі қара саны 1682 бас, қой мен ешкі 3650 бас, жылқы 1375 бас, түйе 515 бас құрады. Аудан бойынша 2020 жылдың қаңтар-наурызда шаруашылықтың барлық санаттарында (тірілей салмақпен) 143,7 тонна ет, 164,3 тонна сүт,  4,1 мың дана жұмыртқа өндірілді.

Тіркелген заңды тұлғалар саны 2020 жылғы 1 сәуірге 174 бірлікті құрады. Осы кезең ішінде жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалардың саны  136  бірлік.

2020 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша шағын және орта кәсіпкерлікте (ШОК) жұмыс істеп тұрған субъектілер саны 1173  бірлікті құрап, өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 1,9% кеміді. ШОК субъектілерінің жалпы санында дара кәсіпкерлер үлесі 91,7 %, шағын және орта кәсіпкерліктегі заңды тұлғалар – 5,5%, шаруа немесе фермер қожалықтары – 2,8% құрады.

 

Э.Елеусинова

ауданның статистика басқармасының бас маманы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT