Аудан басшысы сауда орындарын аралады

(0 Votes)

Аймағымыз бағдаршам секілді бірде «сары», бірде «қызыл» болып мың құбылуы мен бір қаулының ережесін енді жаттап қалғанда келесі қаулы шығуы кәсіпкерлерді әбігерге салуда. Соған қарамастан, талапты орындау - ортақ міндет.   

Апта басында аудан әкімі Шәкір Кейкин, аудан әкімінің орынбасары Оксана Айкашева, аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Анар Асанова, аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің бастығы Марат Науешов, Атырау облысы кәсіпкерлер палатасы аудандық филиалының директоры Гүлназ Едігеева, Мақат кентінің әкімі Ербол Ермағанбетов және басқа да жауапты мамандармен бірлесе, Атырау облысының бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 21 мамырдағы № 10 «Атырау облысының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруларының алдын алу жөніндегі карантиндік шараларды күшейту туралы» қаулысына сәйкес карантиндік шектеуді күшейту бойынша аудан орталығындағы сауда орталықтарының иелеріне ақпараттық түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

img_2722

Атап айтқанда, мекемелердің жаңа қаулыда көрсетілген  жұмыс тәртібі, ғимараттағы санитариялық талаптар, әлеуметтік ара қашықтық, маскалық режимді ұстану, көпшілік іс-шаралар және жаппай адамдар жиналатын өзге де  іс-шараларды шектеу жөніндегі мәселелер талқыланып, карантин талаптарын сақтау мақсатында нақты тапсырмалар берілді.

Дүкендерді аралау барысында толықтай санитарлық талапқа сай ешқайсысы жоқ екендігі анықталды. Көбінде дезинфекциялық кілемше жоқ немесе маскалық режим сақталмаса, біреуінде антисептиктің мерзімі өтіп кеткен болып шықты. 

Атырау облысының бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 21 мамырдағы  №10 қаулысы бойынша қадағалау жұмысын Мақат ауданы санитариялық эпидемиологиялық бақылау басқармасы басшысының міндетін атқарушы А.Ж.Асановаға жүктелді.

Әкім тапсырмасының орындалуы алдағы уақытта тұрақты түрде тексеріліп тұратын болады.

img_2748

Әрине, әр адам кісілер көп жиналатын жерден  бойды аулақ ұстап, көшеде бей-берекет жүрмеу, бетпердесіз үйден шыкпау тәрізді сақтық шараларын ұстануын ұмытпауы қажет. Бұл ретте түсіндірме жұмыстары артық етпейді. Әрине, әркім өз денсаулығына өзі жауапты. Жағдайға түсіністікпен қарап, бір-бірімізге қолдау көрсетсек, аты жаман індеттен ертерек құтылатынымыз анық. Ең бастысы, санитарлық талаптарды қатаң сақтасақ, қиын күндер де артта қалады. Бәрін өзімізден бастайық. Тәртіпке бағынайық. Денсаулық - басты байлық екенін әсте естен шығармайық.

                                                                                                                      А.Байшуақ

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521