«Балбұлақтан» бас жүлде!

(0 Votes)

Мақат балалар өнер мектебінің өрендері  «Balbulaq» балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығы ұйымдастырған ІІ Халықаралық «ЖасSTAR» фестиваль-байқауында жүлделі орындардан шет қалмады.

Атап айтсақ,  «Аспапта ойнау» номинациясы бойынша А.Ануарқызы, Ә.Байбол, М.Қандыгерей үздік үштікті түйіндесе, Ә.Алдаберген, М.Темірбекұлы, М.Ермек, А.Мұхамбетқызы, Ж.Жолдасқали, М.Қадырбек, І.Қайырбекқызы, М.Сергей, Д.Жұмағалиев, Г.Демеу, К.Есенгелді, Н.Жайлыбай, А.Карим, Ә.Ұзақбай күміс жүлдені қанағат тұтты.  Ал, А.Хайруллин , Т.Бағытжанұлы, С.Асылбек, А.Түгелбай, А.Ахмер алдыңғы орындардан табылып І орынға ие болды.

Жарыс жолындағыларды "шаң қаптырып" бас жүлдеге ие болған өнерпаздарымыз да жоқ емес. Олар Р.Төлеген, І.Сағын мен  Т.Бектұрлы. Лауреаттарды дайындаған Г.Омарова, Р.Түсіпқалиева, С.Айдарғалиева  ұйымдастырушылардың «Құрмет грамотасымен» және  «Үздік ұстаз - 2021» төсбелгісімен марапатталды.


"МТ"

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521