Бүгін аудан әкімі Азамат Мәмбетов Доссор кентіндегі жылыжайларды аралап, олардың жай-күйімен танысты.
Аралау барысында аудан әкімі жылыжай шаруашылықтары иелерінің мәселелерін талқылап, бірқатар ұсыныстарын тыңдады.
Солардың бірі - Шелл Қазақстан қолдауымен жүзеге асырылатын «Orle 3.0» жобасының жеңімпазы Таньяна Череватенко.
Ол бүгінде аталмыш жоба аясында жылыжай шаруашылығымен айналысып отыр.
Шаруа иесінің айтуынша, жылыжай кешені - халықты таза азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз етудің таптырмас тәсілі.
Осы ретте үш күн сайын өнім жинап тұратындығын айтқан ол аталмыш саладағы мәселелерді де жеткізді.
Айтылған ұсыныстарды тыңдаған аудан әкімі жылыжай иелеріне мәселелерді шешу жолдарын атап өтіп, мемлекет тарапынан қашанда жан-жақты қолдау бар екендігін айтты.
Ә.Қасым