Аудан әкімі Азамат Мәмбетов Бәйгетөбе ауылдық округінде салынып жатқан 140 орындық денешынықтыру – сауықтыру спорт кешенінің құрылысын бақылап, нысанның жайын бақылады.
Бақылау барысында аудан әкімі нысанның құрылыс сапасына баса назар аударып, уақытылы аяқтауды тапсырды.
Аталмыш спорт кешенінде жаттықтырушылар, дәрігерлер, күзетшілер бөлмесі, бокс, күрес залы мен спортзал, сондай-ақ, ерлер мен әйелдерге арналған киім ауыстыру және жуыну бөлмесі қарастырылған.
Сонымен қатар, ғимарат аумағы тренажерлар, футбол алаңы, автотұрақ және жарық шамдармен қамтылған.
Қазіргі таңда спорт кешені құрылысының 80 пайызы аяқталған, жұмыстарды ағымдағы жылдың қыркүйек айында аяқтау жоспарлануда.
Ә.ҚАСЫМ