Атырауда «Цифрлы ұстаз» байқауы өтеді

(0 Votes)

Атырау облысы әкімдігінің қолдауымен «Атырау-Ақпарат» медиахолдингінің ұйымдастыруымен қазан айының бірінші жексенбісі – Ұстаздар күніне орай облыстағы барлық білім беру мекемелерінің педагогикалық қызметкерлері арасында «Цифрлы ұстаз» байқауын жариялайды, деп хабарлайды Атырау облысы өңірлік коммуникациялар қызметі.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, байқаудың мақсаты білім беру мен тәрбие ісінің сапасын көтеру, педагогтардың білім берудегі озық тәжірибесін насихаттау және заманауи, жаңашыл ұстаздарды анықтау және ынталандыру.
Қатысу шарттары:
- Бейнеролик түсіру (білім беру мен тәрбие ісінің тың тәсілдері, т.б.). Ұзақтығы – 1 минутқа дейін;
- Қатысушы бейнероликті Facebook, Instagram парақшаларында 2021 жылғы 10-30 қыркүйек аралығында #atyraupedagogkonkurs хэштегімен жариялау;
- Қатысушы «Атырау газеті», «Прикаспийская коммуна» (Facebook), @atyrau_gazeti.kz, @pricom.kz (Instagram) парақшаларының тіркелушісі болуы;
- Қатысушының облыстық «ATYRAY`», «Прикаспийская коммуна» газеттерінің біріне 2022 жылға жазылғаны туралы түбіртегі (квитанция) болуы;
- Материалдар қазақ және орыс тілдерінде қабылданып, үздік жұмыстар облыстық газеттер сайттарында жарияланады.

Жеңімпаздар әлеуметтік желідегі рейтингі (көрілім, лүпіл, бөлісуі көп) және мазмұнының тереңдігі бойынша арнайы комиссия шешімімен анықталады. Сонымен қатар, жеңімпаздың облыстық газеттердің әлеуметтік парақшаларындағы белсенділігі ескеріле отырып, жарнамалық сипаттағы және тақырыпқа сәйкес келмейтін бейнероликтер қабылданбайды.

Байқау қазан айының бірінші жексенбісі – Ұстаздар күні қарсаңында қорытындыланады.
І орын – ноутбук;
ІІ орын – планшет;
ІІІ орын – смартфон.
Үздіктер арнайы дипломдармен марапатталады.

Анықтама телефондары: +7 707 218 18 69, +7 7122 458 650.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521