АТЫРАУ АДАЛДЫҚ АЛАҢЫНДА ЖАҢА ЖОБА

(0 Votes)

Осы аптада «Атырау – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі тұтынушылардың құқықтарын қорғау мақсатында «Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Атырау облысы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау Департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесімен меморандумға қол қойылды.

Меморандумның мәні өтеусіз негізде тұтынушылардың құқықтарын қорғау сұрақтары бойынша іс-шараларды жүзеге асыратын ұйымдастыру мәселелері бойынша тараптардың өзара іс-қимылы болып табылады.

Меморандум аясында тұтынушылардың құқықтарын сауаттандыру мен қорғаудың өзекті мәселелері бойынша бірлескен іс-шаралар ынтымақтастығы мәселелері бойынша өзара әдістемелік және консультациялық көмек көрсетіледі.

Ағымдағы жылдың қыркүйек айынан бастап «Атырау – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі жанынан кәсіпкерлік субьектісінен құқығы шектелген тұтынушыларға арнап 8 775 100 79 75 колл-центр телефон іске қосылғанын хабарлайды. Тұтынушылар  колл-центр телефоны тегін құқықтық кеңестер ала алады.

Меморандумға сәйкес жобалық кеңсе Атырау облысы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау Департаментімен бірлескен негізде тұтынушыларды, оның ішінде халықтың әлеуметтік осал топтарын ағарту жөніндегі қоғамдық іс-шаралар, тұтынушылардың құқықтарын қорғау  жөніндегі  сұрақтар  бойынша  медиация  және  келісу  рәсімдерін  дамытуға  бағытталған  кездесулер, дөңгелек үстелдер, семинарлар, курстар және басқа да іс-шараларды өткізілетін болады.

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521