Атырауда төрт күнде 400-ден астам адам әкімшілік жауапқа тартылды

(0 Votes)

Облыстық полиция департаменті қызметінің ақпаратына сүйенсек, 17-21 тамызда «Есеп» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілді.

«Іс-шараның мақсаты – ішкі істер органдарының профилактикалық есебіне алынғандардың қайтадан құқық бұзуына жол бермеу. Екі күнде 36 азамат профилактикалық есепке алынды. Оның ішінде шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған 1 адам бар. Ал, 30 адамға қорғау ұйғарымы шығарылып, сот қаулысына сәйкес, 4 адамға мінез-құлқына байланысты ерекше талаптар орнатылды. Сот қаулысымен 1 адам емдеу мекемесіне жіберілді. Сондай-ақ, әкімшілік заңнама талаптарын бұзған 405 адам әкімшілік жауапқа тартылды. Қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 52 адамға ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық Кодексінің 434 және 434-бабының 2-бөлігімен, ал, 59 адамға 440-бабымен хаттама толтырылды» -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT