Атырауда балаларды тегін спорттық секцияларға қабылдау басталады

(0 Votes)

Тегін секциялар қатарында су спорты, дзюдо, каратэ сынды бірқатар үйірмелер бар.

Бұл туралы Атырау облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының бас маманы Аманжол Сағынғалиев мәлім етті, деп хабарлайды Атырау өңірлік коммуникациялар қызметі.

– Биыл наурызда Өрлік ауылында спорт кешені пайдалануға берілді, – деді спикер.

– Орталық жүзу бассейні толық жөндеуден өтті. Жыл соңына дейін Жанбай, Махамбет, Мақат және Жарсуат ауылдарында жаңа спорт кешендері тапсырылмақ. Құлсарыда орталық стадион қайта жаңғыртылып жатыр. Жыл аяғына дейін балаларға арналған 315 тегін қосымша секция ашылып, шұғылданушылар санын 6,5 мыңға арттыру жоспарлануда. Сондай-ақ, спорт клубтарының қаржысын оңтайландыру мақсатында кәсіби клубтардың қаржысы қысқарып, мыңға жуық бала қосымша секциямен қамтылды. 27 тамыздан бастап орталық жүзу бассейні (су спорт түрлері бойынша) мен футбол орталығында тегін секцияларға іріктеу басталады. Жүзу, дзюдо, бокс, көркем гимнастика, карате, күрес пен шахматқа балаларды тегін қабылдаймыз» деді спикер Аманжол Сағынғалиев.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT