Пәтер ұрлығының алдын алыңыз!

(0 Votes)

Ішкі істер министрлігінің  «Мүлікті қорғау жөніндегі 2021-2023 жылдарға арналған бағдарламасын» іске асыру мақсатында,  19-21 мамыр аралығында Мақат ауданы көлемінде пәтер ұрлығын жасауға қатысы бар адамдарды анықтауға, ұстау және қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында «Пәтер» жедел-профилактикалық іс-шарасы  өткізіледі.


Тұрғын үйлерде болатын ұрлық қылмыстарының көбісінде дерлік үй иесінің ұзақ уақыттан үйде болмауы салдарынан, сол пәтерлерге ұрлыққа түсетін қылмыстары орын алуда. Осыған орай, үйіңізден басқа жаққа қарай кететін ойыңыз болса, онда сенімді, жақсы араласатын көршіңізге немесе туыстарыңыз үйлеріңізді тапсырып кеткендеріңіз дұрыс болады.
 Сондай-ақ, өзінің немесе көршілеріңізбен бірлесе отырып, үйді (пәтерді) күзетке өткізіп, подъездерге консъерждер қою жұмыстарын қолға алып, сонымен қатар, көп қабатты тұрғын үйлерді электрондық код құлпымен немесе домофон жүйесімен жабдықтап, үйлер мен аулалардың айналасын бейнебақылауға алған жөн.
Жалпы, 2021 жылдың 4 айында барлығы 4 пәтер ұрлығы тіркелсе, қарсы есепті мерзімде 5 қылмыс тіркеліп, 1 қылмысқа немесе 20,0 пайызға азайып отыр.

Пәтер, үй ұрлықтарын алдын-алу мақсатында келесідей шараларды қолданғандарыңыз жөн болады:

  1. Пәтеріңізді ұзақ мерзімге қараусыз қалдырмаңыз;
  2. Пәтеріңіз бірінші немесе екінші қабатта орналасса, терезелеріңізді міндетті түрде темір тормен жабдықтаңыз;
  3. Есігіңізге сенімді механизмі бар құлып қондырыңыз;
  4. Бейнебақылау жүйесі мен дабыл құрылғыларын орнатыңыз;
  5. Өздерін жөндеу қызметінің немесе құқық қорғау органдарының қызметкерлері ретінде таныстырса да, қызмет куәліктерін тексерусіз бөтен адамдарды пәтерге кіргізбеңіз.
  6. Балаларыңызға танымайтын адамға есік ашуға тыйым салыңыз;
  7. Ұзақ мерзімге кетіп, үйді қараусыз тастаған жағдайда, көршілерден үйіңізді қарап, келген поштаны уақытылы алуларын сұраңыз;
  8. Бөтен адамдарды домофонмен дәлізге кіргізбеңіз;
  9. Егер Сіз ұрлық сәтінің куәгері болсаңыз дереу «102» арнасына немесе 3-03-60 жұмыс телефонына қоңырау шалыңыз!

Егер сіздер еріксіз пәтер ұрлықтарының құрбаны болсаңыздар, онда ұрланған заттарды толығырақ сипаттауға тырысыңыздар. Бұл – полиция қызметкерлердің жұмысын жеңілдетеді және ұрланған затты заңды иесіне қайтаруға мүмкіндік береді. Осылайша, қарапайым ережені сақтай отырып, пәтер ұрлығының алдын-алу мүмкіндік болатын еді. Күдік тудырарлықтай жағдайларға душар болсаңыз «102», 3-03-60 телефондары бойынша Мақат ауданды полиция бөліміне хабарласыңыздар!

А.Нұршабаев,

Мақат АПБ КПБ аға жедел уәкілі полиция майоры

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT