АНАЛАР КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

(0 Votes)

 Қазақстан Республикасындағы мереке күндерінің тізбесі «Аналар күні» мерекесімен толықтырылды. 2024 жылы бұл мереке Қазақстанда 12 мамыр күні алғаш рет аталып өтті.

Айтулы мерекеге орай Мақат аудандық сотының төрағасы Құрмет Орыспайұлы және Мақат аудандық Аналар кеңесінің төрайымы Эльмира Қамзақызы аудандағы көпбалалы ана, ақ жаулықты әже Бибіажар Өтеуованы мерекемен құттықтап барды.

Бүгінде жапырағы жайылған Бибіажар апамыз жолдасы Шайзада Қаржауовпен 49 жыл отау құрып, 1 ұл, 5 қыз тәрбиелеп, қазіргі таңда 4-немере 18 жиеннің сүйікті атасы мен әжесі атанып отыр. Осындай айтулы күні Мақат аудандық сотының төрағасы Құрмет Орыспайұлы ақжаулықты аналарға денсаулық пен отбасы бақытын тіледі.

Сондай-ақ, ізгі тілегін білдірген ол арнайы гүл шоқтарын табыс етті. Өз кезегінде Бибіажар Өтеуова мерекемен құттықтап келген жандарға ризашылығын білдіріп, алғысын айтты.

#аналаркүні @makat_audani_ishki_sayasat

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521