Алтын құрсақты аналар марапатталды

(0 Votes)

Аптаның сейсенбісі күні аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында «Алтын және күміс» алқа иегерлерін марапаттау шарасы өтті.

 Аталмыш шарада аудан әкімінің орынбасары Ербол Ермағамбетов Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 22 сәуірдегі №524 Жарлығы бойынша көп балалы аналарды құттықтап, алтын және күміс алқаларын тақты.

Құрметке бөленген аналардың ішінде Динара Оңдасынқызы алтын алқамен және Жаңылсын Амангелдіқызы, Сұлушаш Темірланқызы, Гүлмира Сатыбалдықызы, Айгүл Нұрлыбекқызы, Лаура Боранқызы, Марта Базарбайқызы күміс алқамен марапатталды.

Сондай-ақ, аудан әкімінің орынбасары Ербол Қонысбайұлы өз сөзінде ұрпақ санын арттырып, ел демографиясына үлес қосқан ардақты аналарымызға алғыс айтып, арнайы гүл шоқтарын табыс етті.

Шара соңында алтын және күміс алқа иегерлері жергілікті әкімдікке өз алғыстарын айтып, естелік суретке түсті.

Ә.ҚАСЫМ

Сурет автордікі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521