Аида Түркияда өнер көрсетеді

(0 Votes)

Атырау қаласында өткен Халықаралық «Zhuldyz Kazakstan» байқауында ағайынды Адина мен Аиданың бағы жанды. 

Мақат балалар өнер мектебінің шәкірті Мұрат Аида байқауда «хореография» номинациясы бойынша «Павлин» биін билеп, бас жүлдеге ие болды.

«Көпке таңдай қаққызған биі арқылы ол Түркия елінде өтетін халықаралық байқауға тегін жолдама жеңіп алды. Аида мектеп табалдырығын биыл аттаған Х.Санбаев атындағы орта мектебінің 1 сынып оқушысы. Өзінің бұл жетістігімен ол қатарластарына үлгі»,-дейді жетекшісі Мөлдір Берікова.

Сондай-ақ, аталмыш жарыста Адина Мұрат екі номинация бойынша бақ сынап, екеуінен де жүлдегер атанды. «Хореография» номинациясы бойынша домбыра мен күй шертті. Аталған екі номинация бойынша да ол 1 орынмен марапатталды. Домбыра аспабы бойынша жетекшісі Гүлмира Омарова шәкіртінің әлі талай асуларды бағындыратынына сенімді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521