«Алаңдауға негіз жоқ. Су бәріне жетеді»

(0 Votes)

Жұма күнгі аудан әкімі Шәкір Кейкинұлының Ескене аулына сапары  тұрғындар тарапынан ауыз су тапшылығына орай  алаңдаушылық танытуы себеп болды.

Ауыл  тұрғындары 7 шақырымда орналасқан зауыт құрылысы тұрғындар тұтынатын су құбырына ортақтасқан жағдайда суға мұқтаждық туындайды деген пікірді алға тартады.

44f81a3c-35f3-45cc-8c21-ddaf001b1487

Жалпы, бүгінде зауыт құрылысшыларын тұрмыстық қажеттілігіне және асханаға қажетті ауыз су үшін  «Атырау облысы Су Арнасы» КМК-сі «Атырау» МГБ «Интергаз Орталық Азия» АҚ-на техникалық шарт бергенін және осы шарт негізінде  жоба жасақталып, жоба негізінде су құбырын тартып жатырғаны анықталды.

5bfc5bd7-450b-478a-9b37-c3c9e79b0f4f

Ал, сумен қамтушы тарап, яғни «Атырау облысы Су Арнасы» КМК-сінің басшылығы зауыт жұмысшыларының тұрмыстық қажеттілігіне сәйкес су көлемін және бұдан бөлек Мақат, Доссор кенттерін, Бәйгетөбе, Ескене ауылдарын ауыз сумен толық қамтуға барлық мүмкіндігі бар екенін ескертеді. Бұл жөнінде  «Атырау облысы Су Арнасы» КМК-сінің директоры А.Кенжеғалиевтың аудан әкімі Ш.Кейкинге берген хаты да бар.

a9a5ae86-7158-466a-ad26-fc423db09c91

Яғни, алаңдауға еш негіз жоқ. Ескенеліктер де қарап қалмады. Олар 2020 жылы зауыт құрылысына қатысты  Доссор кентінде өткен қоғамдық тыңдауда өндіріске қажетті техникалық суды, зауыт құрылысын жүргізетін «GPS Investment» ЖШС-гінің басшылығы Қиғаш өзенінен басталатын Астрахань-Маңғыстау магистралдық су құбырынан алатыны жөнінде хаттамада көрсетілгенін айтып отыр. Мәселеге орай, «Атырау» МГБ «Интергаз Орталық Азия»  АҚ-ның бас инженері М.Ерімбетов тартылып жатқан су құбырының өндіріске ешқандай қатысы жоқ, тек қана тұрмыстық қажеттілікке пайдаланылатынын айтып өтті.

e5201536-0b2c-47c3-8960-6844aef95040

Естеріңізге сала кетейік, бұл басқосуға аудан әкімінің орынбасары Б.Сәрсен, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Ж.Джумагалиева, аудандық ішкі істер бөлімінің басшысының міндетін атқарушы А.Измағанбетов, «Атырау облысы Су Арнасы» КМК-ның басшысының орынбасары А.Сакказов, «Атырау» МГБ «Интергаз Орталық Азия» АҚ-ның бас инженері М.Ерімбетов, жетекші инженер М.Аташев қатысып, тұрғындар сауалына жауап берді.

Сондай-ақ, Мақат ауданы әкімі Ш.Кейкин мен «Атырау» МГБ «Интергаз Орталық Азия»  АҚ-ның басшысы М.Абуов Мақат-Доссор кенттерінде, Бәйгетөбе округі мен Ескене ауылында ауыз су жетіспеу фактілері анықталған жағдайда Атырау-Мақат магистральды су құбырынан зауыттың тұрмыстық қажеттілігіне су құбыры арқылы берілетін ауыз суды бір жақты тоқтататыны жөнінде келісім меморандумына қол қойылды.

Өз тілшіміз

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT