Қаржылай сыйлық сыйлады

(0 Votes)

Аталған жоба ел тұрғындарын ізгілікке, мейірімділікке үндеп, қайырымды істер жасауға шақырады.

 Аудан көлемінде марафонды жалғастырған аудандық «Жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы» бөлімінің қызметкерлері Мақат кентіндегі жалғыз басты және отбасы жағдайы төмен өзге ұлт өкілдеріне қайырымдылық шарасын өткізіп, екі отбасыға азық-түлік алу үшін 25 000 теңгелік сертификат табыстады.

Ұрпаққа үлгі көрсетіп, әрбір отбасына жылу мен мейірімділік сыйлауға атсалысқан мекеме қызметкерлеріне тұрғындар алғысын жаудырып, ризашылықтарын білдірді.

Әрі қарай марафонды жалғастыру эстафетасы аудандық "Тұрғын үй инспекциясы" бөліміне жолданды. Жақсылық жасап жарысайық!

 

А.ТАУМҰРЫНОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT