Атырауда «Игі істер марафоны» бастау алмақ

(0 Votes)

Бұл туралы Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте белгілі болды.

– Алғашқы жартыжылдықта өңірде 387 іс-шара іске асырылды, – деді облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының міндетін атқарушы Злиха Таласбекова.

– Қаңтар айы «Қазақстанның жаһандық бастамалары. Халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі» деп аталып, азаматтық қоғам өкілдері мен қазақстандық ғалымдардың қатысуымен республикалық ғылыми-практикалық онлайн конференция, «Қазақстанның жаһандық бастамалары. Халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлес» атты онлайн-дәрістер мен сынып сағаттары, «Ұшқыр ой алаңы» атты облыстық пікірталас турнирі өтті.

«Қазақстанның ұлттық дәстүрлері мен мәдениеті» деп аталған наурыз айында қайырымдылық және көрісу мерекесіне арналған мәдени шаралар өтті. «Ғылым және технологиялар» айы атанған сәуірде «Тәуелсіздік ұрпақтары» атты оқушылар арасында қалалық пікірталас турнирі, Махамбет ауданында «Ақылды ұрпақ» жобасы аясында «Алаш ақтаңдықтары» атты жас тарихшылармен онлайн-дөңгелек үстел, Индер ауданында «Елім дейтін ұланбыз» атты ақындар айтысы, «Бәскеге қабілетті тұлғаның дамуы» атты зияткерлік ойыны ұйымдастырылды. Мамыр «Ұлттық бірлік, бейбітшілік және тұрақтылық» айы аталып, Бірлік, Жеңіс және саяси қуғын-сүргін мен ашаршылық құрбандарын еске алу күндеріне арналды.

«Патриотизм» айы деп аталған маусымда Атырау қаласындағы Рәміздер алаңында мерекелік шара, Атырау қаласы мен аудандарда «Мен – Қазақстанның патриотымын!» ұранымен мерекелік шеру өтті. Енді екінші жартыжылдықта Тәуелсіздіктің 30 жылдығының аясында 61 іс-шара – «Тәуелсіздікке 30 жыл: жетістіктер мен келешегі» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференция, «Тәуелсіздік құндылықтары» атты салтанатты шара, «Тәуелсіз елдің ұрпағы» атты облыстық жас ақындар айтысын өткізу жоспарлануда.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT