Ұлттық архив қорының құрамына жатқызылған және жеке меншік архивтерде сақталатын құжаттардың сақталуын мемлекеттік бақылау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.
Мақалада осы туралы әңгімелейміз.
Мемлекеттік бақылаудың басқа да нысандары Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 22 желтоқсандағы «Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» № 326-I заңына (2015.24.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) сәйкес жүзеге асырылады. Архивтік іс бойынша заңнаманы бұзғаны үшін жауаптылық Архивтік іс бойынша заңнаманы бұзғаны үшін кінәлі жеке және заңды тұлғалар, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» № 235-V Кодексі (2016.01.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (бұдан әрі – ҚР ӘҚБтК) ҚР ӘҚБтК 804-бабы 1-тармағының 12) тармақшасына сәйкес, Ұлттық архив қорының құжаттарын жою әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасауға құқығы бар мәдениет саласындағы өкілетті органдардың лауазымды адамдарына жүктеледі.
Ұлттық архив қорының құжаттарын және жеке құрам бойынша құжаттарды уәкілетті органның не облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының келісімінсіз жою, лауазымды адамдарға 10-нан қырық айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады (509-бап). Әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер үшін айыппұл 80 айлық есептік көрсеткішке дейін көтерілуі мүмкін.
Материалдың толық нұсқасын газетіміздің №17 санынан оқисыздар