Жалған ақпарат желіні шулатты: Мақтаарал ауданында ешқандай блокпост жоқ

(0 Votes)

Мақтаарал ауданындағы төтенше жағдайға байланысты көмек келіп жатыр.  Nur Otan  партиясы Мақтаарал аудандық филиалының хабарлауынша, «көмек жеткізушілерге блокпосттарда қысым жасалып жатыр» деген мазмұнда әлеуметтік желілерге таралған ақпарат – жалған. 

Сонымен бірге «көмекті партия атынан берсе ғана өткіземіз» деген де шындыққа жанаспайды.  Демеуші азаматтар көмегін қалаған адамына  жеткізіп, тұрғындарға үлестіріп жатыр. Гуманитарлық көмектер облыс штабы бекіткен арнайы қоймаларға қабылдануда. Ол жерде қоғам белсенділерінен жасақталған жұмысшы топ бар. Бейнебақылау камералары орнатылған, қалыпты күзет жұмыс істейді.

Жалпы, Мақтаарал ауданына еріктілер, қоғамдық ұйымдар көмектесіп жатыр.  Ешкімге шектеу қойылмаған.

Атап айтқанда, Мақтаарал ауданында ешқандай блокпост жоқ.

Бүгінде топан судың зардабын тартқан Өргебас, Фирдауси, Жеңіс, Достық, Жаңатұрмыс ауылдарының тұрғындарына жеткілікті деңгейде таратылуда. Эвакуациялық 10  пунктте тұрғындарға 3 мезгіл тамақ берілуде, киімдер таратылуда. Туыстарының үйін паналаған тұрғындар үшін де Атакент ауылында екі мектепте барлық қажетті заттар еркін берілуде. Одан бөлек еріктілер де  көмекті үйлерді аралап жеткізуде. Сондықтан  жалған ақпарат таратудың жауапкершілігі бар екенін ескертеміз. Бұл бойынша құзырлы органдарға анықтап, заңға сәйкес жауапкершілікке тартуға ұсынамыз.

Қиын жағдайды бастан өткерген Мақтааралдағы ағайынның жайын арандатпай, тұтас ел болып көмектескен жөн.

aikyn.kz

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT