Цифрлық теңге: оны бизнес қалай сатып алады және артықшылығы неде?

Цифрлық теңге: оны бизнес қалай сатып алады және артықшылығы неде?
(0 Votes)

Қазақстанда "Цифрлық ҚҚС" пилоттық жобасы іске қосылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. 

Жоба 2024 жылдың төртінші тоқсанынан бастап Мемлекеттік кірістер комитеті мен Ұлттық банкпен бірлесіп жүзеге асырылып жатыр.

Цифрлық теңге – бұл блокчейн технологиясына негізделген ұлттық валютаның жаңа түрі, ол қаражатты тек нақты мақсаттарға пайдалануға мүмкіндік береді.

Экспорттаушы компаниялар цифрлық теңгені ҚҚС белгісімен Ұлттық банктен екінші деңгейлі банктер арқылы ала алады.

Белгіленген цифрлық теңгені басқа мақсаттарға жұмсау немесе қолма-қол ақшаға айналдыру мүмкін емес – бұл қаражат тек жеткізушілермен және бюджетпен есеп айырысу үшін қолданылады. Барлық транзакциялар туралы ақпарат Ұлттық банк арқылы Мемлекеттік кірістер органдарына беріледі.

Бұл механизм ҚҚС-ты қысқа мерзімде қайтаруға мүмкіндік береді, сонымен қатар салықтық тәуекелдерді азайтады.

Цифрлық теңгенің негізгі артықшылықтары:

ҚҚС қайтару мерзімі 55-75 күннен 15 жұмыс күніне дейін қысқарады.

Салықтық тексерулер болмайды, бұл әкімшілік және қаржылық шығындарды азайтады.

Қаржы айналымы жылдам әрі кепілді, бұл бизнес үшін қаржылық жоспарлауды жақсартады.

Пилоттық жобаға қатысушылар 2024 жылдың IV тоқсанында ҚҚС-ты 5 күн ішінде қайтарды.

Жоба тиімділігін көрсеткендіктен, Мемлекеттік кірістер комитеті цифрлық шешімдерді кеңейтуді жоспарлап отыр, бұл салық түсімдерінің ашықтығын арттырады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT