Теміржолшылар отбасына құрмет

(0 Votes)

20 мамыр күні «Отбасы күніне» орай аудан әкімінің орынбасары Оксана Айкашева өнегелі отбасыны қабылдады. Басқосуға отауласқандарына 51 жыл толған Арентаевтар отбасы ұрпақтарымен арнайы келді.

Қабылдауда аудан әкімінің орынбасары сөз сөйлеп, ұрпақ ұлттық рухани құндылықтарды бойына ең алдымен отбасында ата-ананың тәрбиесі арқылы сіңіретінін, бала тәрбиесі ұлт болашағының кепілі екенін айтты.

Әулеттің бәйтерегі Қарлауғали Салпанайұлы  1948 жылы 15 наурыз күні Башқұртстанның Аургазин ауданында дүниеге келген. 1959 жылы Атырау облысының Қошқар елді мекеніне қоныс аударады. 1964 жылы Қошқар 8 жылдық мектебін бітіріп, осы жылдың қазан айында жергілікті мұнай өндіру мекемесіне жұмысқа орналасады. Жұмыс жасай жүріп Қошқар жастар мектебінде оқуын жалғастырып, 1967 жылы аяқтайды. Кейін 1970 жылы өмірлік серігі Сәлимамен отау құрып, алты жылдан кейін Мақат кентіне көшеді.

whatsapp-image-2021-05-21-at-17_17_23

1976 жылдан бастап теміржол саласына қызметке тұрып, еселі еңбегінің арқасында «Құрметті Теміржолшы»  атағына ие болды. Сәлима Тастайқызы  да теміржол саласында 20 жылдан астам қызмет атқарған. Қазіргі уақытта бұл отбасында 3 қыз және 2 ұл тәрбиеленді. Олардан 6 немере және 7 жиен, 4 жиеншар өмірге келді.

whatsapp-image-2021-05-21-at-17_17_02

Әулеттегі екі ұл да ата-анасының жолын қуып теміржол саласында абыройлы қызмет атқаруда.

Өз өмір жолымен өнегелі отбасыға О.Жаңбырбайқызы аудан әкімі атынан арнайы алғыс хат пен естелік сыйлық табыстады. Ал, өнегелі Арентаевтар отбасы өздеріне көрсетілген сый-құрметке риза көңілмен тарқасты.

М.ІЗТҰРҒАНОВА

Суреттер автордікі

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT