Тегін ауыстыруға байланысты жеке куәлікті ауыстыру

(0 Votes)

Жеке куәлікті жарамдылық мерзімінің аяқталуына қарамастан ауыстыру қажет болатын жағдайлар бар. Мысалы, тегінің өзгеруіне байланысты, оның ішінде неке қию немесе некені бұзу кезінде, сондай-ақ ұлттық дәстүрлер бойынша жеке куәліктерді ауыстыру. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Атырау облысы бойынша филиалының азаматтық хал актілерін тіркеу басқармасының басшысы Алмагүл Туремуратова баяндады.

Бұл ретте, анықтамалық деректердің, туған күні мен орны өзгеруі туралы мәліметтерді уәкілетті қызметкер интеграциялық өзара іс-қимыл арқылы АХАТ органдарының ақпараттық жүйесінен алады. Алайда, олар болмаған жағдайда анықтамалық деректерді, туған күні мен жерін өзгеруі бойынша Қазақстан Республикасы азаматының паспортын, жеке куәлігін беру анықтамалық деректерді өзгертудің дұрыстығын анықтау үшін тексеру жүргізілгеннен кейін және және көші-қон қызметінің уәкілетті қызметкері адамдардың некеге тұру (бұзу) бойынша тегін, ұлттық дәстүрлерге сәйкес ұлты қазақ адамдардың тегі мен әкесінің атын өзгерту жағдайларын қоспағанда, анықтамалық деректерін ауыстыру туралы қорытынды шығарғаннан кейін ресімделеді.

("Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" кодекске сәйкес неке қию немесе бұзу кезінде жеке куәлік неке қию немесе бұзу туралы куәлікті алған сәттен бастап 30 күн ішінде ауыстырылуы қажет. Егер сіз "Азаматтарға арналған үкімет "мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ (ХҚКО) көрсетілген мерзімнен кешігіп өтініш білдірсеңіз "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодекске сәйкес әкімшілік жауапкершілікке (7 АЕК мөлшерінде айыппұл) тартыласыз.

Төменде тұрақты тіркелген немесе нақты болған жері бойынша "Азаматтарға арналған үкімет "мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ (ХҚКО) жеке куәлікті ауыстыру үшін қажетті құжаттардың тізімі келтірілген:

- неке қию (бұзу) туралы куәлік, анықтамалық деректерін ауыстыру туралы куәлік (бар болса), заңды күшіне енген сот шешімі (бар болса); ауыстырылатын жеке куәлік, паспорт (бар болса);

- мемлекеттік бажды төлегені туралы құжат (мемлекеттік бажды төлеуден босатылған тұлғалар растайтын құжаттарды ұсынады).

Неке қию немесе бұзу кезінде таңдалған тегі неке қию (бұзу) туралы куәліктегі жазбаға сәйкес көрсетіледі.

Ұлты қазақ адамдар тегі мен әкесінің атының жазылуын өзгерту ниеті туралы өтінішті "Ұлты қазақ азаматтардың тегi мен әкесiнiң атын жазуға байланысты мәселелердi шешу тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің1996 жылғы 2 сәуірдегі № 2923 Жарлығына сәйкес, қалаған тегін, әкесінің атын мемлекеттік немесе орыс тілінде көрсете отырып, еркін нысанда береді. Бұл ретте, тегі мен әкесінің атының түбірін сақтай отырып, қазақ тіліне тән емес "-ова, -ова", "-ев, ева", "-ин, -ина " аффикстері алып тасталады, соған сәйкес әкесінің атын жазу кезінде қазақ тіліне тән емес аффикстердің орнына әкесінің аты және оған жынысына қарай "ұлы" немесе "қызы" деген сөздер қосылып жазылады.

Өтінішке мынадай құжаттардың бірі қоса беріледі:

туу туралы куәлік (жеке басты куәландыратын құжаттарды алғаш рет алған кезде); ауыстырылатын жеке куәлік, паспорт; Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау туралы анықтама (Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдауға байланысты жеке куәлік алған кезде); мемлекеттік бажды төлегені туралы құжат (мемлекеттік бажды төлеуден босатылған тұлғалар растайтын құжаттарды ұсынады). Ұлты қазақ азаматтарқазақ халқының қалыптасқан дәстүрлеріне сәйкес тегі мен әкесінің атына өзгерту туралы өтініш білдірген кезде паспорттар мен жеке куәліктерді олар ұсынған туу туралы куәліктерге сәйкес олардың тегі мен әкесінің атын бұрынғыдай жазып ресімдеуге жол беріледі.

Туу туралы акт жазбасына өзгерістер енгізумен қоса, өздерінің анықтамалық деректерін өзгерткен адамдар тұрақты тіркелген жері бойынша "Азаматтарға арналған үкімет "мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ (ХҚКО) келесі құжаттарды ұсынады:

- анықтамалық деректерді ауыстыру туралы еркін нысандағы өтініш;

- анықтамалық деректерді ауыстыру туралы куәлік (бар болса);

- туу туралы куәлік;

- ауыстырылатын жеке куәлік, паспорт;

- мемлекеттік бажды төлегені туралы құжат (мемлекеттік бажды төлеуден босатылған тұлғалар растайтын құжаттарды ұсынады).

- Жеке куәлік пен паспортты ауыстыру процесі 15 жұмыс күнінде орындалады, бірақ азаматтың қалауы бойынша қызмет Астана, Алматы, Ақтөбе, Шымкент қалаларында 1 және 3 жұмыс күнінде, облыс орталықтарында 3 және 5 жұмыс күнінде, облыстардың аудандары мен қалалары үшін 7 жұмыс күні ішінде жедел түрде орындауға болады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521