Жоба бойынша су құбырының ұзындығы 73,5 километрді құрайды.Оның бүгінде 26 шақырымына жөндеу жұмыстары жүргізілді,-деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Атырау облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Айдулат Кенжебековтің айтуынша, «Сапа құрылыс-2007» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мердігерлік еткен.
-Бүгінде жобаның мақсаты-Миялы және Жангелдин ауылдарының тұрғындарын тұрақты ауыз сумен қамту. Мұнда 12 дана су ұңғымасы, 2 дана су айдау бекеті салынады. Жоспар бойынша құрылыс жұмыстары келер жылы аяқталады деп жоспарланған.Тапсырыс беруші
- Cу ресурстары және ирригация министрлігінің Су шаруашылығы комитеті,-деді А.Кенжебеков