«Самұрық-Қазына» АҚ қолдауымен Атырау облысында оңалту орталығы ашылды

Сурет: «Самұрық-Қазына» Қорының ресми Telegram-каналы
(0 Votes)

Бұл орталық Құлсары қаласында орналасқан және 150 орынға есептелген. 

Оған үш жастан алты жасқа дейінгі балалар қатысады. Аалған қордың баспасөз қызметінің хабарлауынша, орталықтың ресми ашылу салтанатына «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов және Атырау облысы әкімінің орынбасары Марат Мурзиев қатысты.

Нұрлан Жақыпов корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік шеңберінде Қор мүмкіндігі шектеулі адамдардың қоғамдық өмірге толыққанды араласуы үшін барлық жағдайды жасауға тырысатынын атап өтті.

Орталық «Самұрық-Қазына» АҚ тобының атынан «Ембімұнайгаз» АҚ-ның қаржылық қолдауымен салынды.

«Самұрық-Қазына» АҚ қатысуымен Қазақстанда 40 оңалту орталығы іске қосылды, онда 40 мыңнан астам бала көмек алды.

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT