Балаларды мектептер арасында онлайн аудару eGov.kz порталында қолжетімді

Фото freepik
(0 Votes)

Енді ата аналар мен заңды өкілдер портал арқылы баланы бір мектептен екінші мектепке eGov.kz порталында онлайн ауыстыра алады. Жалпы білім беретін ұйымды іздеу және таңдау процесі ата-ананың тіркеу орны негізінде шағын учаске бойынша оңтайландырылған, деп хабарлайды «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ баспасөз қызметі

Ата-аналар мен заңды өкілдер мектепті тек шағын учаскеде ғана емес, сонымен қатар оның қалауына сәйкес келетін жағдайда оның шекарасынан тыс кез-келген басқа жалпы білім беретін ұйымды таңдай алады.

Сонымен қатар, жалпы білім беретін ұйымды таңдаған кезде пайдаланушыға таңдалған мектепте қолжетімді оқу тілі көрсетіледі. Жаңа процесс есептен шығару және бекіту талондарының, жеке істі берудің қажеттілігін жояды. Сондай-ақ, өтініш беруші қажет болған жағдайда берілген өтінімді кері қайтарып ала алады. Көрсетілетін қызметті алу үшін пайдаланушыға:

- eGov.kz порталында авторизациядан өтіп, «Білім» бөліміне өтіңіз; - тізімнен «Орта білім» бөлімін таңдап, «Балаларды мектептен мектепке ауыстыру үшін құжаттарды қабылдауды» таңдаңыз; - қажетті жолдарды толтырып, ЭЦҚ көмегімен өтінімге қол қойыңыз; - қызмет нәтижесімен Жеке кабинетте танысуға болады. Қызметтің жаңа функционалы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің және ҚР ЦДИАӨМ, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы «Талдау» білім беруді зерттеу және бағалау ұлттық орталығы» АҚ және «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-мен бірлесіп жұмыс істеуінің арқасында іске қосылды. Фото freepik

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT