Құлсарыда «Ulttyq Cover» ән байқауы өтеді

Құлсарыда «Ulttyq Cover» ән байқауы өтеді
(0 Votes)

 Өнер байқауының жалпы жүлде қоры - 500 000 теңге, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. 

Іс-шара Атырау облысы ішкі саясат басқармасының қолдауымен өтеді. Байқаудың мақсаты – талантты ауыл жастарын анықтау, мәдени орта қалыптастырып, патриотизмді дамыту.

- Құлсары тұрғындары Atyrau Jastar Fest «Ulttyq Cover» ән байқауына қатысу арқылы өнерін, талантын көрсете отырып, өз қалаларына деген сүйіспеншіліктерін білдіре алады, - дейді байқауды ұйымдастырушылар.

«Ulttyq Cover» байқауына қатысу үшін Instagram әлеуметтік желісіндегі @youthfestatyrau парақшасында көрсетілген биосілтемеге өтіп, Google онлайн-формасы арқылы тіркелу қажет:

https://youthfestatyrau.minisite.ai

Құлсары қаласындағы «Ulttyq Cover» ән байқауының іріктеу кезеңі 2 тамыз күні сағат 19:00-де «Мұнайшылар» саябағында өтеді. Жеңімпаздарды марапаттау 3 тамызға жоспарланған. «Ulttyq Cover» байқауының жалпы жүлде қоры - 500 000 теңге.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521