Оқушылар «Шабыт жұлдызы» байқауында топ жарды

Оқушылар «Шабыт жұлдызы» байқауында топ жарды
(0 Votes)

Атыраудағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары облыстық білім беру басқармасына қарасты Нұрғиса Тілендиев атындағы кіші өнер академиясы ұйымдастырған «Шабыт жұлдызы» байқауында топ жарды. Сахналық драма, музыка және вокал, тележурналистика мен фотожурналистика, қысқаметражды фильмі және медиа жоба бағыты бойынша озық ойлы оқушылардың жиналған шығармашылық байқауында Зияткерлік мектептің қос бірдей оқушысы жүлделі болды. Олар 9-сынып оқушысы Қуаныш Аманбай мен 7 сынып оқушысы Санжар Шайхатолла. Қуаныш Аманбай "Үздік қысқа метражды фильм" аталымында ІІ дәрежелі дипломға ие болса, Санжар Шайхатолла "Фотожурналистика" бағыты бойынша І дәрежелі дипломға ие болды.

Атап өтейік, қысқа метражды фильм бағытында Қуаныш Аманбай "Баға үшін емес, сана үшін әділ білім ал" атты бейнеролигімен үздіктер қатарынан көрінсе, мектебіміздің жас фототілшісі Санжар Шайхатолла "Мектеп асханасының бір күні" тақырыбымен фоторепортаж ұсынған болатын. Қос жұмыс қазылар алқасының жоғары бағасына ие болып, көрермендер көзайымы атанды.

Балалардың медиадағы жетекшісі Аубекер Ануар Манарбекұлын жетістіктерімен құттықтаймыз.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT