Бүгін, 19 қыркүйек күні АЭС салуды қолдау жөніндегі аудандық Халықтық штабының мүшелері Кудряшов ауылдық округінің тұрғындарымен кездесіп,Референдумның маңызымен мақсатын түсіндірді.
Тұрғындармен кездескен халықтық штаб мүшелері еліміз үшін атом электр станцияларының қажеттілігін, АЭС салудың артықшылықтарын, заманауи атом электр станцияларының қауіпсіздігін, олардың жұмыс істеу принциптері және атом электр станцияларының қоршаған ортаға және адам денсаулығына әсер ету деңгейі туралы ақпаратпен бөлісті.