Бала жәрдемақысын алу үшін...

(0 Votes)

Бала жәрдемақысын алудың алғышарттары қандай? Бұл қазіргі таңда қоғам арасында сұранысқа ие сауалдың бірі. Сондықтан, арнайы мамандардан жауабын біліп, көпшілікке ұсынуға тырыстық.

Аталған жәрдемақыны «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ арқылы алу үшін қажетті құжаттар тізімі мынадай:

Өтініш;

Жеке басты куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат немесе қандас мәртебесі бар адамдар үшін қандас куәлігі не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі);

Сәйкестендіру үшін баланың (балалардың) туу туралы куәлігі (куәліктері) не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (не туу туралы азаматтық хал актілері жазбаларынан мәліметтерді қамтитын анықтама).

Қажет болған жағдайда (олардың болуына байланысты):

Консулдық заңдастыру не арнайы мөртабан (апостиль) (бар болса) болған кезде шет мемлекеттердің құзыретті органдары берген баланың Қазақстан Республикасынан тыс жерде тууын тіркегенін растайтын құжат;

Сәйкестендіру үшін Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде берілген құжаттардың баланың (балалардың) қайтыс болуы туралы куәлігі (куәліктері) (не қайтыс болу туралы азаматтық хал актілерінің жазбаларынан мәліметтерді қамтитын анықтама);

Бір жарым жасқа дейінгі баланы (балаларды) асырап алған кезде – қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган берген баланы (балаларды) асырап алу туралы сот шешімінен үзінді;

Қорғаншылық (қамқоршылық) белгіленген кезде балаға қорғаншылық (қамқоршылық) белгіленгенін растайтын құжат ұсынылады;

Құжаттарды мемлекеттік ақпараттық жүйелерден, соның ішінде цифрлық құжаттардың сервисінен алу мүмкіндігі болған кезде оларды ұсыну талап етілмейді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521