Іскер әйелдер Дубайда бас қосты

(0 Votes)

Жақында Біріккен Араб Әмірлігінде Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы және «БҰҰ – әйелдер» құрылымының және «Астана» Халықаралық қаржы орталығының қолдауымен «Әйел әйелге көмектеседі» атты форумы өтті.

Форумға Атамекен Кәсіпкерлік бөлімінің ұйымдастыруымен Қазақстан бойынша 70 іскер әйел қатысқан болатын. Аталған іскерлік кездесуде әйел бизнесі және әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру тақырыптары қозғалды. Халықаралық шараға аудан бойынша іскер әйелдер кеңесінің төрайымының орынбасары Эльмира Мусина қатысып, әлеуметтік жобалар жәрмеңкесі туралы өз пікірін білдірді.


«Біріккен Араб Әмірлігінде өткен форумға облыс бойынша 10 іскер әйел барған болатынбыз. Онда, жан-жақтан келген жандармен тәжірибе алмасып, мен де өз жобамды ұсынуға мүмкіндік алдым. Сонымен қатар, әріптесім Юлия Нигматуллина балалардың дамуына, кәсіпке баулу мақсатында 2 млн 500 теңгеге тігін және ағаш ұстасы цехын ашуға қолдау болатынын жеткізді. Сондай-ақ, «Батыр боламын» қоғамдық қоры 10 млн қаражатқа спорт клубын ашуға ниетті екенін білдірді. Бұл жиынның мақсаты – экономикамызды дамытуға үлкен үлес қосып жүрген кәсіпкер әйелдердің белсенділігін, қоғамдағы рөлін арттыру. Біз сол арқылы көптеген ақпараттар ала алдық. Осы тұрғыда әлеуметтік кәсіпкерлермен кездестіруге мүмкіндік берген іскер әйелдер кеңесінің басшысы Гүлжан Саулеш ханымға ризашылығымды білдіремін»,- дейді Э.Мусина.


Айта кетейік, форум аясында іскер әйелдер кеңесі Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссиясы нәзік жандылармен нәтижелі кездесу өткізіп, Әзірбайжан, Өзбекстан және Ресейде әйелдер кәсіпкерлігін қолдау құралдарымен бөлісті. Бұл кәсіпкерлікті дамыту мақсатында іскер әйелдерге үлкен тәжірибе. Себебі, елімізде бизнестегі әйелдердің саны жылдан-жылға артып келеді. Ал, мұндай іскерлік кездесулер жаңа бизнес-жобалардың пайда болуына ықпал етіп ғана қоймай, ел экономикасының дамуына да оң әсерін тигізері анық.


Ә.ҚАСЫМ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521