2025 жыл – Жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялануы – тек символдық шешім емес, бұл – еңбек адамын ардақтаудың, кәсібіне адал жандарды ұлықтаудың жарқын көрінісі.
Дәнекерлеуші де, жүргізуші де, құрылысшы мен аспаз да – әрқайсысы еліміздің дамуына нақты үлес қосып жүрген нағыз қаһармандар. Олар – сөзбен емес, іспен сөйлейтін, ел игілігі жолында маңдай терін төгуден тайынбайтын еңбек майталмандары.
Біз бұл жылы ғана емес, әркез осы мамандық иелеріне қолдау көрсетіп, жастарды техникалық және кәсіптік бағытқа ынталандыруымыз керек. Өйткені еліміздің өндірістік әлеуеті мен экономикалық тұрақтылығы – осы сала мамандарына тікелей байланысты.
Сүйеу Халықов,
ардагер
Индер ауданы