Ел болашағы – еңбек адамының қолында

(0 Votes)

Баршамызға белгілі, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялап, ел дамуының жаңа кезеңінде техникалық және кәсіби білімнің шешуші рөл атқаратынын айқын көрсетті.

Бұл – тек формалды бастама емес, бұл – нақты еңбек адамына деген құрметтің, қоғамдағы орны мен мәртебесін жүйелі түрде арттыруға бағытталған тарихи шешім. Ауыл шаруашылығы саласында ұзақ жыл еңбек еткен, кәсіби білім беру ұйымын басқарған маман ретінде айтарым: жұмысшы мамандықтар – еліміздің экономикалық қуаты мен өркендеуінің іргетасы.

Әсіресе, ауыл шаруашылығы сынды от стратегиялық маңызды салада білікті кадрларсыз өнімділік пен инновациялық серпілісті елестету мүмкін емес.

Бүгінгі күні еліміздегі колледждер мен техникалық бағыттағы оқу орындары тек кәсіби машық үйрететін орта емес, олар – ел болашағын қалыптастыратын зияткерлік алаңға айналуы тиіс. Мемлекеттік деңгейде қабылданып жатқан "Ғылым және технологиялық саясат туралы" заң сынды құжаттар – бұл үдерістің нақты дәлелі.

Мұндай нормативтік негіздер бізге білім беру бағдарламаларын қайта қарап, еңбек нарығының шынайы сұранысына жауап беретін мазмұнмен толықтыруға жол ашады. Білім беру мекемесінің басты миссиясы – тек диплом ұсыну емес, еңбекке адал, кәсібіне берілген, жаңашыл әрі жауапкершілікпен қаруланған маман қалыптастыру. Бұл үшін оқытушылар да жаңа деңгейге көтерілуі тиіс – олар тек білім таратушы емес, өзгерісті бастап жүретін идея авторлары болуы қажет.

2025 жыл – жұмысшы мамандықтарға деген қоғамдық көзқарасты түбегейлі өзгертетін, еңбек адамына лайықты құрметтің оралатын кезеңі болады деп сенемін.

Б.Құнас Индер аудандық ауыл шаруашылығы коледжінің бұрынғы директоры, ардагер

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT