Ел дамуы энергия қуатының деңгейіне байланысты

Ел дамуы энергия қуатының деңгейіне байланысты
(0 Votes)

 Мамандардың айтуынша, қазірдің өзінде елде энергия тапшылығы бар.

Алдағы 5 жылда оның көлемі 13 млрд киловатт сағатқа жетуі мүмкін. Тығырықтан шығудың жалғыз жолы – атом электр станциясын салу дейді мамандар. Себебі бір ғана АЭС күннен, желден және судан алатын қуаттан бірнеше есеге артық энергия өндіреді.

Қазақстанда қуат көздері тозып тұр. Қолданыстағы электр станцияларының 60 пайызы ескірген. Салдарынан жыл өткен сайын олардың энергия өндіру көлемі де азая береді. Мұның сыртында қатты отынның экологияға келтіріп жатқан зияны да орасан. Мысалы тәулігіне 20 мың тонна көмір жаққанда ауаға 140 тоннаға дейін шаң-тозаң мен 200 тонна азот оксиді тарайды. Ал, оны алмастыратын жаңартылған энергия көздерінің үлесі небары 6 пайыз. Елдегі күн және жел станциялары бар болғаны 2900 мегаватт қуат өндіреді. Қазақстандағы энергия қажеттілігін талдап шыққан Қорлан Бейбітованың болжамы көңіл көншітпейді. Отандық ірі электр компаниясында қызмет атқаратын маманның айтуынша, тұтынатын қуат өндірілетін энергиядан анағұрлым көп. Шығыс Қазақстандағы су электр станциясы бүгінде түгел республикаға донор болып отыр. Дегенмен, оның салынғанына да 70 жыл болған.

Қорлан Бейбітова, жылу-энергетика саласының докторанты: -347 өндірілген электр энергиясынан 307 мегаваты ғана оңтүстік облыстарға жіберілген. 540 Ақтоғай қосалқы станциясынан шығатын желі бойынша. Яғни бұл не деген сөз ол бүкіл біздің облыста өндірілген энергияның 90 пайызы онтүстік облыстардың тұтыуын жабуға кетеді.

АЭС-тің бір ғана блогы мың жарым мегаватт энергия өндіруге қауқарлы. СОндықтан атом энергетикасынан қорқуға себеп жоқ дейді жас физик Леонид Измайлов. Ол студенттерге атом электр станциясының жұмыс істеу принципі пен қауіпсіздік жүйесін қарапайым тілмен түсіндіріп береді.

Леонид Измайлов, Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің студенті:

- Біз әлі күнге Чернобыльдағы апатты еске аламыз. Содан радиофобия қалыптасып қалған. Бұл дұрыс емес. қазіргі АЭС мүлде басқа. Жалпы атом энергетикасы шын мәнінде үлкен және күрделі процесс. Сондықтан оның жұмысын қарапайым тілмен түсіндірген абзал.

Атом электр станциясы қалыпты жұмыс істеу үшін 2 мыңнан астам адам, соның ішінде 400-ге жуық жоғары білімді маман қажет. Егер Қазақстанда АЭС салынатын болса, онда ең озық технология қолданылады. Физика-математика ғылымдарының докторы Манарбек Қылышқанов «3 және 3 плюс санатындағы реакторларының қауіпсіздік жүйесі өте жоғары» дейді. Манарбек Қылышқанов, физика-математика ғылымдарының докторы: - Энергетика министрлігінің және эксперттік қауымдастықтың мәліметтеріне сүйенсекбұндай апат болудың ықтималдығы 10-ның минус 7 дәрежесінде оқиға болады екен жылына. Яғни 10 млн жылда бір апат болу ықтималдығы бар. Бұл өте төмен ықтималдық. Сондықтан қазіргі кездегі реакторларда тарихта болған бүкіл инциденттер ескеріліп жобаға болдырмас үшін сәйкес өзгерістер енгізілген. Бүгінде әлемдегі 31 елде 400-ден астам реактор жұмыс істеп тұр. Олардың көпшілігі АҚШ, Франция елдірінде орналасқан. Көршілес Қытай мемлекетінде 56 реатор жұмыс істейді және тағы 27 реактордың құрылысы жүріп жатыр.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT