Қазақстандағы он алтыншы өңірлік IT Hub Атырауда ашылды.
Өңірлік хаб Атырау қаласы, Нұрсая ықшам ауданы, Кенжебай Маденов көшесі 7а мекен жайындағы нысанның 2-ші қабатында орналасқан , - деп хабарлайды өңірлік коммуникациялар қызметі. Atyrau Hub - стартаптарды қолдауға, IT білім беруді дамытуға және Қазақстанның батысындағы технологиялық экожүйені нығайтуға бағытталған.
Басты мақсат - жергілікті IT-қоғамдастықты қалыптастыру, технологиялық кәсіпкерлікті дамыту, стартап мәдениетін құру және цифрлық оқыту үшін кең мүмкіндіктер ұсыну.
Atyrau Hub - Astana Hub-тың білім беру және инкубациялық бағдарламаларының алаңы болады, сондай-ақ meetup , Pizza Pitch, workshop, Speaker Talks, Idea Battle және басқа да белсенді IT-қоғамдастықты дамытуға арналған іс-шаралар өткізілетін орталыққа айналады. Нәтижесінде өңірдегі жастар тың идеясын жүзеге асыруға мүмкіндік алып отыр.
Еске салайық, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында өңірлердегі инновациялық экожүйені кеңейтудің маңыздылығын атап өтті. Қазіргі уақытта еліміздің 15 өңірінде IT-хабтар белсенді жұмыс істеп жатыр.Жыл соңына дейін осындай инновациялық орталықтар Жезқазған, Петропавл және Жаңаөзен қаласында ашылмақ.