«Сауал – сізден, жауап - бізден»

(0 Votes)

Күнделікті тұрмыс барысында тұрғындар көптеген сауалдарға тап болып жатады. Халықтың құқықтық сауаттылығын арттырып, көкейдегі көп сауалына жауап табуларына жәрдемдесу үшін біз «Сауал – сізден, жауап - бізден» айдарын жалғастырамыз. Сауалдарға «Азаматтарға арналған үкімет» Атырау облыстық филиалы мамандары жауап береді. Ендеше, зер салыңыз!

1. Сәлеметсіз бе! Мен көп балалы анамын, маған зейнет жасына ертерек шығуға жеңілдік қарастырылған ба?

Жауабы: Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру Қазақстан Республикасының 2023 жылғы 20 сәуірдегі Әлеуметтік Кодексімен жүзеге асырылады.

Зейнетке шығу жасы ерлер үшін 63 жас, ал әйелдер үшін – 61 жас құрайды.

2023 жылдан 2028 жылға дейін әйелдердің "зейнеткерлік" жасы өзгермейді және 61 жасты құрайды. Зейнеткерлік жастың ең жоғары деңгейі – 63 жас, 2031 жылдан бастап әрекет ете бастайды

Қазақстанда әйелдер қандай жасында зейнетақыға шыға алатынын есептеп көрейік:

Зейнетке шығу мерзімін есептеудің ең оңай жолы – зейнетақы калькуляторын пайдалану.

5 және одан да көп бала туған (асырап алған) және оларды сегіз жасқа дейін тәрбиелеген әйелдердің 53 жасқа толғанда жасына байланысты зейнетақы төлемдеріне құқығы бар.

2. Қайырлы күн! Мен жуырда қоғамдық орындарда жүргізуші куәлігімді жоғалтып алдым. Не істесем болады?

Жауабы: Қайырлы күн! Жүргізуші куәлігін жоғалтқан жағдайда сізге келесі құжаттармен Мамандандырылған ХҚКО-ға жүгіну қажет:

- жеке куәлік;

- 083/у нысаны бойынша медициналық анықтама және оның көшірмесі, псих - және наркодиспансерден анықтама (жүргізуші куәлігінің мерзімі өткен жағдайда ғана ұсынылады);

- мемлекеттік бажды төлеу туралы түбіртек (құны – 1,25 АЕК). Кассаға кезекте тұрмау үшін сіз жүргізуші куәлігін алу үшін мемлекеттік баж салығын онлайн-сервис арқылы төлей аласыз.

3. Сәлеметсіз бе! Менің жеке куәлігімнің жарамдылық мерзімі өтіп кеткен еді. Енді айыппұл салынады ма?

Жауабы: Жеке куәлікті алдын ала ауыстырған дұрыс, себебі мерзімі өткен құжатпен 1 айдан аса жүру әкімшілік құқық бұзушылыққа жатады.

Жеке куәлікті тұрғылықты тіркеу орнына қарамастан кез келген ХҚО-да ауыстыруға болады. Онда тек ескі құжатты көрсетіп, 0,2 АЕК мөлшерінде мемлекеттік баж төлеу қажет.

Жаңа құжат 15 жұмыс күні ішінде дайын болады.

Қалауыңыз бойынша қосымша ақы төлеп, куәлікті дайындау мерзімін бір күннен бес жұмыс күніне дейін жеделдетуге болады.

4. Қайырлы күн! Менің паспортымның жарамдылық мерзімі үш ай бұрын өтіп кеткен еді. Қанша көлемде айыппұл салынады?

Жауабы: Паспорт ерікті құжат болып табылады, сондықтан оның мерзімі өтіп кетсе айыппұл салынбайды. Мемлекеттік баж құны - 8 АЕК.

5. Мен жеке отбасылық мәселелерге байланысты тегімді өзгертуге шешім қабылдаған едім. Неден бастасам болады?

Жауабы: Он алты жасқа толған Қазақстан Республикасының әрбір азаматы Т.А.Ә. өзгерте алады.

16 жасқа дейінгі балалардың Т.А.Ә. өзгерту үшін өтінішпен заңды өкілдері, яғни баланың ата-аналары жүгінеді. Ал он жастан бастап баланың жеке деректерін өзгерту үшін оның келісімі талап етіледі.

«Неке (ерлі - зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 257-бабында Т.А.Ә. ауыстыру үшін негіздердің толық тізбесі көзделген.

Т.А.Ә. ауыстыру, өзгерту, түзету үшін Қазақстан Республикасының аумағындағы кез келген тіркеуші органға (АХАТ) өтініш беруге болады, сондай-ақ, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ-ға өтініш беруге болады.

Т.А.Ә. ауыстыру мәселесі күрделі санаттағы істерге жатады, өйткені азаматтардың сауалнамалық деректерін өзгертуді көздейді. Мұндай өтінішхаттарды қарау рәсімі тиісті тексерулер жүргізуді, оның ішінде шет мемлекеттердің АХАЖ органдарының мұрағаттарынан оларды беру негіздерін (актілер жазбаларының көшірмелерін) талап ету арқылы ұсынылған құжаттардың түпнұсқалығына тексеру жүргізуді талап етеді. Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген азаматтық хал актілері "АХАЖ" ақпараттық жүйесінде тексеріледі.

Тиісті өзгерту жүргізілген адамға Т.А. Ә. өзгерткеннен кейін қандай мәліметтер өзгертілетініне байланысты туу туралы немесе неке қию, неке бұзу туралы куәлік (анықтама) беріледі, одан кейін міндетті түрде жеке басты куәландыратын құжатты ауыстыру қажет.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521