Атыраулық ардагер ұстаз мемлекеттік наградаға ие болды

(0 Votes)

Ұстаздар күні қарсаңында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің білім саласына елеулі үлес қосқан мұғалімдерді марапаттады. Мемлекет басшысы білім беру жүйесіндегі үздік жетістіктері мен сіңірген еңбегі үшін бірқатар педагогке «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» атағын табыстады.

Бұл марапат Қазақстанның білім беру саласында көптеген жылдар бойы тер төккен, ұрпақ тәрбиелеуге атсалысқан ардагер ұстаздарға деген құрметтің ерекше белгісі. Марапатталған ұстаздардың қатарында Атырау облысынан шыққан, білім беру ісінде ұзақ жылдар бойы аянбай қызмет еткен Нұрлыбек Даумов та бар. Бұл туралы облыстық білім беру басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Нұрлыбек Ғилажұлы өзінің ұстаздық жолында саналы түрде білім мен тәрбие беріп, шәкірттерінің жүрегінде терең із қалдырған. Оның шәкірттері бүгінде түрлі салада табысты жұмыс істеп, еліміздің өркендеуіне өз үлестерін қосып келеді.

-Атыраулық ұстаздың есімі өз өңірінде ғана емес, республикалық деңгейде де белгілі. Ол жылдар бойы жинақтаған тәжірибесі мен кәсіби біліктілігін жас ұстаздарға үйретуден жалыққан емес. Оның еңбек жолы мен жетістіктері Қазақстандағы білім жүйесінің дамуындағы маңызды кезеңдердің бірі ретінде бағаланып отыр, — дейді аталған басқарманың баспасөз хатшысы Эльмира Тұңғатарова.

Айта кету керек, мемлекет тарапынан ұстаздарға көрсетілген мұндай жоғары құрмет – білім саласының маңыздылығын және қоғамда ұстаздық еңбектің қадір-қасиетін айқындайды.

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT