Атырауда әскерилер сағат 06:00-де дауыс беруді бастады

(0 Votes)

 Атырау қаласындағы №5546 әскери бөлімінде орналасқан №75 референдум учаскесі таңғы 06:00-де дауыс беруді бастайды.

 Бұл жөнінде Атырау облыстық аумақтық референдум комиссиясының баспасөз қызметі хабарлады.

Сонымен қатар, Атырау қаласындағы 9 емдеу мекемесі, 1 әскери бөлім және 1 тергеу изоляторында орналасқан уақытша дауыс беру орындарында учаскелік комиссиялар тізімге енгізілген барлық азамат дауыс берген жағдайда, саяси науқанды ертерек аяқтауы мүмкін. Егер басқа уақыты белгіленбесе, референдум учаскелерінде дауыс беру 6 қазан күні сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін жалғасады.

Айдарбек АҚАРЫС

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521